Жыл сайын маусым айының үшінші жұмасында Қазақстанда да, өзге елдердегі сияқты көп жылғы дәстүр бойынша «Медициналық қызметкерлер күні» (Дәрігерлер күні) аталып өтеді. Биыл мереке 21 муасымға түсті.
Осындай кәсіптік мерекені атап өтуге Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығы негіз болды.
Дәрігерлрдің кәсібі әлемдегі ең маңызды кәсіптердің бірі, және қазіргі таңда ол барлық елде қажет мамандық. Әр адам өмірінде бір рет те болса дәрігерден көмек пен ем сұрап барған шығар. Адам алғаш өмірге сәби болып ккелу сәтінде де тікелей дәрігер қатысады.
Медициналық қызметкердің еңбегі – адамдардың игілігі үшін атқарылатын қызмет. Медициналық персонал адамның бойындағы ең қасиетті құндылық – оның өмірі мен денсаулығын бақылайды. Ақ халаттағы абзал жандардың жоғарғы кәсібилігі, өз ісіне деген сенімділігі, адамдарға деген қайырымдылығы көптеген адамдардың өз қызметіне оралып, белсенді өмірге араласып, ертеңгі күнге деген сенімдерін оятып, өмірдің қуанышын сезінуге көмектесті.
«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ медицина қазеткерлері мен медицина саласының зейнеткерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды.
Адам өмірінің ең қиын сәтінде дәрігерлдер көмекке келіп, адамның өмірін сақтап қалады. Медициналық қызметкердің кәсібі – қарапайым таңдау емесе, ол қабілеттілік пен мақтаныш.