«Халық денсаулығы – Қазақстанның табысты дамуының кепілі»
«Халық денсаулығы – Қазақстанның табысты дамуының кепілі»
2015 жылғы 2 шілде мен 5 шілдені қоса алғанда Алматы қаласында «Халық денсаулығы – Қазақстанның табысты дамуының кепілі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Терапевтер IV Съезі және Кардиологтарының VII Конгрессі өтті.
Конференцияның бағдарламасына 145 баяндама енгізілді, Қазақстан Республикасы Терапевтер IV Съезі және Кардиологтарының VII Конгрессі делегаттарының саны 400 адамға жуық болды.
Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Рес публикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минстрлігі, «ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иституты», Қазақстан республикасы терапевтерінің ассоциациясы, Қазақстан Республикасы кардиологтарының ассоциациясы.
Съезде терапиялық және кардиологиялық қызметті ұйымдастырудың, диагностикадағы жаңа медициналық технологиялар, мерапиялық, негізгі жүрек-тамыр сырқаттарын емдеу мен алдын алудың, АМСК деңгейіндегі емдік-диагностикалық көмекті көрсетудің, негізгі кардиологиялық және терапиялық сырқаттардың оңалту мен алдын алудың мәселелері, зертханалық және диагностикалық инновацияның сұрақтары талқыланды.
Форумға Түркі әлемі кардиологтары қауымдастығының президенті Омер Козан, жүрек қызметінің жетіспеушілігі бойынша ассоциацияның экс-президенті Стефан-Анкер, фундаментальды медициналық зерттеулер институтының президенті Роланд Асмар, жүрек-тамыр зерттеу орталығының вице-директоры Шаритэ Вера Регитс-Загрочек, Украина аритмологтар ассоциациясының президенті О.С. Сычёв, сондай-ақ алыс шет елдердің (Италия, Англия, Франция, Германия, Япония, Австрия, Португалия) және жақын шет елдердің (Сербия, Словакия, Румыния, Болгария, Литва), ТМД (Рессей, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, өзбекстан) елдерінің алдыңғы қатардағы ғалымдары, Қазақстан Республикасы өңірлерінің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, кардиологтар мен терапевтер қатысуда.
Конгресс аясында, Қазақстандық аритмология қоғамының Президенті, медицина ғылымдарының дәрігері, «ҰҒКО» АҚ интервенциялық аритмология бөлімшесінің меңгерушісі Абдрахманов Аян Сулейменовичтің төрағалық етуімен аритмологиялық секция өткізілді. Секцияда жүрек ырғағының бұзылуы және Қазақстан тұрғындарына аритмологиялық көмекті дамытудың басымдылықтары сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Қазақстан кардиологтарының ассоциациясы форумында дәрігерлерді марапаттау салатанаты өткізілді. Айта кететін жай, Абдрахманов Аян Сулейменовичке «Қазақстанның ең үздік интервенциялық аритмологы 2015» номинациясы, сондай-ақ «Ақ жүрек» естелік сыйлығы берілді.
Форум соңында Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың негізгі мәселелері мен кардиологиялық және терапиялық қызметті жетілдірудің негізгі жолдары көрсетілген резолюция қабылданды.