Күрделі мәселе немесе дәрігерлердің импровизациясы
Табиғаттың қызықтығы соншалықты, кей кездері бізге шешімін табу үшін қиялға шолып, «бас ауыртуды» қажет тетін тапсырмаларды береді.
Міне бүгін «ҰҒКО» АҚ дәрігерлерінің күрелі мәселені шешудегі импровизациялық жағдайы сипатталады.
2015 жылғы қаңтарда біздің орталыққа тез шаршағыштыққа, денелік жүктемеге деген шыдамдылықтың төмендеуіне, мұрын-ерін үшбұрышының көгеруіне, аяқ-қол саусақтарының 73% қанықтырылысына шағымданған пациент келіп түсті. Айта кететін жай пацентке 2009 жылы ота жасалған болатын.
Диагностикалау барысында артериялық қанмен араласып, десатурция (оттектің жетіспеушілігі) тудыратын диаметрі үлкен (27 мм)венарлық тамыр анықталды. Аталған тамырдың үлкен диаметрі емдеудің одан арғы стратегиясын қиындатты. Дәрігерлер шет елдік әріптестердің алдыңғы тәжірибелеріне талдау жүргізді (әдебиет деректері бойынша), алайда аталған жағдайдың шешімі табылмады.
Табиғи жаратылыстағы қолда бар шоғырланудың жоғарғы деңгейін ескере отырып, 1 кезеңде қондырғының каркасты құру және шоғырланудың алдын алу үшін аталған тамырға кава-фильтірді импаланттау шешімі қабылданды. Аталған ота қаңтар айында жүргізілді. 5 айдан кейін кава-фильтр ағзаға «бітіп» тіндермен өскеннен кейін, пацент отаның 2 кезеңін жүргізу үшін қайтадан емханаға жатқызылды. Тамырды Amplatser Plug Occluder қондырғысымен бітеу жүргізілді.
Отадан кейінгі екінші тәулікте пацент үйіне қайтарылды. Клиникалық суреттің айтарлықтай жақсаруы байқалады. Қанықтырылғыс 92 пайызға жетті.
Міне біздің дәрігерлер табиғаттың осындай тапсырмаларымен тап болады!